ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СИМВОЛЫ МЕН БОЙТҰМАРЫ-МАСКОТПЕН ФОТОСЕССИЯ

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СИМВОЛЫ МЕН БОЙТҰМАРЫ-МАСКОТПЕН ФОТОСЕССИЯ

2 қазанда «Тұран» университетінің символы мен бойтұмары-маскот лицей оқушыларына қонаққа келді. Орта Азияны мекен ететін ең ірі жыртқыш-тұран жолбарысы университеттің маскоты болып  таңдалды. Бұл аймақтарда тұрған халық жолбарысты ерекше жаратылыс иесі деп санаған. Бұл аңның құдіреттілі мен күштілігі туралы аңыз-әңгімелер өте көп.  Күшті де епті, әдемі де батыл бұл аңды жер бетінде білмейтін адам жоқ. Биыл Қазақстандағы тұран жолбарысының санын қайта қолға алу бойынша жоба жасау жоспарланып отыр. «Тұран» білім беру  корпорациясы жолбарыс-игілік, әділдік пен мейірімділік символы болатынына сенімді. Лицейліктер «Тұран» университетінің бастамасынан шет қалмай, қолдау көрсетіп, маскопен белсенді фотосессия жасады.