ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

«МЕН –«ТҰРАН» ЛИЦЕЙІ» МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІМІН» ТРЕНИНГІ

«МЕН –«ТҰРАН» ЛИЦЕЙІ» МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІМІН» ТРЕНИНГІ

9 қаңтарда демалыс уақытында мектеп психологтары бастауыш сынып мұғалімдерімен  «Мен-«Тұран» лицейі» мектебінің мұғалімімін» атты тренинг өткізді.

Педагогтармен болған кезекті тренинг коммуникативтік дағдыларды,  педагогтар ұжымының ынтымақтастығын, өзіңе деген сенімділікті, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасты дамытуға бағытталды. Тренинг жаттығуларын орындай отырып, мұғалімдер өздерін және бір-бірін жақсырақ түсінуге үйренді.Тренинг педагогтарды өзін-өзі жетілдіруге, рефликсия жасауға, коммуникативтік құзырлылық механизмдерін меңгеруге ынталандырды.

Шақыртылған HR-эксперт, бизнес-тренер, коуч Дана Фербер тартысты жағдайлардың конструктивті  шешімдері тақырыбында баяндады.

Тренингтен қатысушылар  жаңа нәрсе біліп қана қоймай, жақсы көңіл-күйде шықты.