ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕР ТРЕНИНГІ

КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕР ТРЕНИНГІ

2 қазанда Лицейліктер кеңесінің белсенді мүшелеріне көшбасшылық қасиеттер тренингі өтті. Тренингке HR-сарапшы, бизнес-жаттықтырушы, коуч Дана Фербер арнайы шақырылды.

Тренингте шешімін тапқан негізгі міндеттер:

Лицейлік белсенділерге көшбасшылық туралы түсінік қалыптастыру.

Мүмкіндіктерін арттыру, өздерінің күшті жақтарын түсіну және көрсету.

Көшбасшылық қасиеттер мен қабілеттердің дамуы.

Топпен жұмыс жасай білуді қалыптастыру.

Шешімге келу  дағдылары.

Тренинг кезінде балалар өте белсенді болды, барлық ойындар мен тапсырмаларға ықыласпен қатысты. Қатысушылар көшбасшылық қасиеттер, топтық жұмыстың артықшылықтары (мақсатқа тез жету мен нәтижелі) туралы білді.

Тренинг атмосферасы жаңа нәрсені біліп қана қоймай, қатысушыларға жағымды көңіл күй сыйлады.

Барлық қатысушыларды бұл жұмыстың жалғасы күтеді! Оларға сәттілік тілейміз!