ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

1 қыргүйек –Білім күні! Кітаптар, гүлдер, достар, күлкі мерекесі! «Тұран» лицейі» мекебіміз жаңа оқу жылының басталуымен есігін қайта айқара ашты. Биыл мектебіміз 23 рет өз оқушыларын қарсы алуда. Дәстүр бойынша 1 қыргүйекте мектебімізде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Демалып, күнге күйген балаларымыз мектеп ауласынада қайта бас қосты. Олар сынып жетекшілерімен, сүйікті мұғалімдерімен және сыныптастарымен қауышқандарына қуанышты.

Мектеп ауласы қолдарында гүл шоқтары бар әдемі киінген оқушыларға, мұғалімдер мен ата-аналарға толды. Музыка ойнаған соң барлық сыныптар мектеп ауласында сап түзеді. Салтанатты жиында барлығы Қазақстан Республикасының Әнұранын ұйып тыңдады. Барлық қатысушылар өздерін осынау Білім күні мерекесінің бір бөлшегі сезініп, салтанат пен мақтанышқа бөленді. Өйткені әрбіріміздегі білім-бізідің болашағымыз, еліміздің болашағы. Салтанатты жиын ашық деп жарияланды. Дәстүр бойынша бірінші бүлдіршіндеріміз бірінші сынып оқушылары таныстырылды. Мектеп директоры Исламгулова Светлана Константиновна мен жиын қонақтары оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, оқу, білім алу оңай болмағанымен, қызықты да қуанышты еңбек екенін атап өтті. Жаңа оқу жылы бәрімізге сәтті де нәтижелі,  шығармашылыққа, қызықты да пайдалы  қарым-қатынасқа толы болсын, оқушылар мен педагогтарды танымдық,,  рухани байытсын. Бірінші сынып оқушылары жауап ретінде жаттаған өлеңдерін оқып берді. Мереке балаларымыз дайындаған ән-бимен жалғасты. Оқу жылының алғашқы қоңырауы да соғылды. Бұл құрметке 2018-2019 оқу жылында үздік атанған оқушылар ие болды.

1 қыргүйек – есте қаларлықтай қуанышыты да  толғандыратын мереке. Мұғалімдер мен оқушыларға тек 1 қыргүйекте ғана емес,  мектепте өткізген әрбір күні қуанышқа толы болсын деп тілейміз. Жаңа оқу жылы бәрі үшін жемісті, білімге, жаңалыққа, шығармашылыққа, жетістікке толы болсын!