ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

Мектепке дейінгі сынып

  1. /
  2. Структура школы
  3. /
  4. Мектепке дейінгі сынып

«Бүлдіршінді оқуға үйрету, алдағы болашақта оқушы болуға  көмектесу және бұл ісіңнен қуаныш көру оңай емес… Бірақ бұл мүмкін екеніне сеніңіз» деп жазады «Мен оқимын, мен санаймын, мен жазамын» кітабында  Ресейдің халық мұғалімі Софья Николаевна Лысенкова.

Мектепте білім алу қажеттігі туралы әркім біледі.  Ата-аналар балаларын   терең білім беретін, тәжірибелі педагогтар жұмыс істейтін, тату атмосфера орнаған жақсы мектепке бергілері келеді. Алайда жалпы баланы алдын ала мектепке дайындаудың қажеті бар ма? Оларды оқуға, санауға, тіпті жазуға үйретудің керегі қанша? Шешімін таппаған мәселе. Ата-аналардың көпшілігі қажет деп санайды. Бірақ қалай үйрету керек, нақтылы неге үйрету керек? Қай жастан бастау қажет?

«Тұран» мектеп-лицейінің мектеп алды сыныбында педагогтар мен психологтар балалардың  оқуға дайындығын толық қамтамасыз етеді. Мақсатты түрде  балалардың есте сақтау қабілетін, зейінін, логикалық және образды ойлауын, сөйлеу әрекетін дамытып, оқушыларды жазуға дайындайды. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу  ҚР-ның  мемлекеттік бағдарламасы негізінде интеллектіні дамытуға байланысты авторлық әдістемелік құралдар арқылы жүргізіледі. Қазақ, ағылшын тілдерін ерте жастан оқыту ұсынылады.

Мектеп алды сыныбына  балалар 6жастан қабылданады.

Мектеп алды сыныбында оқу барысында оқушы мыналарды үйренеді:

–      Құрдастары және үлкендермен араласуды;

–      Түсінгендерін талдау,  салыстыру, саралауды;

–      Жағдайға тез бейімделуді;

–      Зейінін басқа нәрсеге оңай аударуды, басқа нәрсеге шоғырландыруды;

–      Баспа әріптермен сөздер және сөйлемдер жазуды

–      Қарапайым логикалық және математикалық есептерді шешуді

–      Сөздер, мәтіндер, суреттерді есте жақсы сақтауға үйренеді.