Мектептің психологиялық-медициналық-педагогикалық қызметі тәжірибелі, білікті мамандармен қамтамасыз етілген: төрт психолог, логопед, невропотолог дәрігер, балалар дәрігері. Барлық мамандардың толық қамтамасыз етілген кабинеттері бар: психолог, дәрігер, логопед кабинеті, профилактикалық жұмыстар, емдеу, психологиялық жөндеу, дамыту және консультация жүргізуге мүмкіндік беретін психологиялық жеңілдету бөлмесі бар.






