ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

Негізгі және жалпы орта мектеп

  1. /
  2. Структура школы
  3. /
  4. Негізгі және жалпы орта мектеп

Негізігі орта және жалпы орта мектепте 5-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушылар оқиды.

Жоғарғы сынып оқушыларынының потенциалдарын дамыта отырып, біз олардың болашақта сәттілікке жетуіне жағдай жасаймыз. Білім беру жеке тұлғаны дамыта отырып жұмыс істеуге негізделген. Түлектеріміз Қазақстанның, Ресейдің басқа да шетелдердің ең мықты оқу орындарына түседі.

Мектебімізде оқушылардың  заманауи ғылымдар мен технологияларды меңгеріп қана қоймай, олардың оқу пәндеріне  шығармашылық  көзқараспен қарау, теориялық ойлауын, тиімді  ойлау әдістерін меңгеруін дамытуға ерекше мән беріледі. Біз әрбір жоғары сынып оқушысы өзінің мүмкіндіктерін толық іске асыруға жағдай жасайтын жалпы орта мектеп үлгісін жасадық.

Негізгі және жалпы орта мектепте білім беру мазмұны  білім берудің заманауи стандарттарына сай келіп, оқушылардың саналы, жүйелі түрде білім алуына неігзделген.

«Тұран» мектеп-лицейінде  жоғарғы санатты мұғалімдер жұмыс істейді. Ұстаздарымыз  өз істеріне берілген, талап қоя алатын жандар болғанымен, оқушыларға деген мейірімі мен махаббаты қатар жүретін жандар. Мұғалімдер оқушылармен жақсы тіл табысады, бұл олармен дұрыс жұмыс ұйымдастыруға көмектеседі.

Оқушыларға түрлі білім саласында  өз бақтарын сынауға мүмкіндіктер берілген. Олар түрлі қосымша сабақтарға қатысады.  Ұстаздароқушылардың жалпыға міндетті пәндерді меңгеруімен қатар, олардың әртүрлі қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуын қадағалап, өзін-өзі дамыту жұмыстарын жүргізе алуына, ғылыми жұмыстармен айналысуына да жағдай жасайды.

Оқу күнінің екінші жартысы  толығымен шығармашылық пен дене шынықтырумен айналысуға арналады. Негізгі пәндер аяқталған соң негізгі, жалпы орта сынып оқушылары  түрлі секцияларға, үйірмелерге, студияларға барады.