ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

Бастауыш мектеп

  1. /
  2. Структура школы
  3. /
  4. Бастауыш мектеп

Бастауыш  мектептің  мұғалімдер құрамы  жоғарғы және бірінші санатты мұғалімдерден тұрады.  Бастауыш мектептің мұғалімдері  сабақ беру барысында кеңінен қолданылатын  оқу құралдарының, әдістеме құралдардың авторлары.

«Толық күн оқыту» режиміне  сәйкес  ұйымдастырылған сабақтардың  арқасында, жай мектептердегідей артық жүктеме алмауынан,   оқушыларымыз қатты шаршамайды.  Бастауыш мектеп оқушыларының 89% үздік және екпінді оқиды. Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту  жеке тұлғаны дамыта оқыту технологиясын негізге алып,   оқушылардың үйлесімді дамуын, базалалық құзіреттіліктерді дамыта отырып, өмірді түсіндіруге негізделген.

Бірінші сыныптан бастап-ақ балалар ағылшын тілін үйрене бастайды. Оқу күнінің екінші жартысындағы қосымша сабақтар шәкірттердің үйлесімді дамуы мен қалыптасуына қосары көп. Балалар өз қалауларымен хор, сурет, би студияларына қатысады, ақпараттық технология негізін үйренеді.

Мектепте спортқа да қатты көңіл бөлінеді, балалардың футбол, шахмат ойындарын ойнауға жағдай жасалған. Бастауыш сынып оқушылары театрға, мұражайларға жиі барады, саяхатқа шығып  тұрады. Мектепте дәстүрлі түрде денсаулық күндері өткізіліп тұрады және ата-аналар, оқытушылар мен оқушылар да топтық ойындар мен жарыстарға қатысады.

«Тұран» мектеп-лицейіне балаларын берген ата-ана  баланың оқуы мен оған деген мұғалімдердің қарым-қатынасы үшін алаңдамауына болады.

Бастауыш мектеп есігі ата-аналар мен балалар үшін әрқашан ашық.