ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

АТА-АНАЛАР БЕЛСЕНДІЛЕРІ ЖИНАЛЫСЫ

АТА-АНАЛАР БЕЛСЕНДІЛЕРІ ЖИНАЛЫСЫ

Мектепте әр оқушы ғана емес, әр ата-ана да өзінше дара.  Өз баласын мұғалімге сеніп тапсырған ата-анамен жұмыс істеу өте ыңғайлы.  Қоңырау шалып мазаламайды, оларды ата-аналар жиналысына қайта-қайта шақыру керек. Жиналыста отырып-отырып, басын шұлғып, «рақметі» мен «сау болыңызын» айтып кетеді. Сонымен келесі кездескенше…

Ата-аналардың енді бір тобы бар, олар өте мазасыздар. Негізінен бұлар-аналар. Кім? не? қашан? не үшін? неге? … бәрін білгісі келеді. Алыс болашақты да. Олармен жұмыс істеу оңай емес. Бірақ сен өз іс-әрекетіңнің дұрыс екеніне иландыра алсаң, олар саған сенетін болса,  олардан асқан серіктес таба алмайсын. Әрқашан да қолдап, көмектесіп, қол ұшын береді. Олар мектеп өміріне қатысуды көксейді.

Ондай ата-аналармен ерекше  байланыс, сенімге құралған қарым-қатынас  орнатқан жөн. Сондақтан да «Тұран» лицейі» мектебінде сыныптағы ата-аналар жиналысынан бұрын ата-аналар белсенділері жиналысы өткізілді (28.09). Әңгіме ойдағыдай өтті.