ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

liceum@turan-edu.kz
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

СЕМИНАР «ПРОЦЕССЫ ВНИМАНИЯ – ФАКТОР УСПЕШНОГО ОБУЧЕНИЯ»

СЕМИНАР «ПРОЦЕССЫ ВНИМАНИЯ - ФАКТОР УСПЕШНОГО ОБУЧЕНИЯ»

“ЗЕЙІН ҮРДІСТЕРІ-ТАБЫСТЫ ОҚЫТУДЫҢ ФАКТОРЫ” СЕМИНАРЫ

Қысқы демалыста “Тұран” лицейі ” мектебінің психологиялық-медициналық-педагогикалық қызметі орта және жоғары буын мұғалімдеріне “Зейін үдерістері — табысты оқыту факторы” тақырыбында семинар дайындады және өткізді.

Психологтер Татьяна Викторовна мен Наталья Леонидовна теориялық ақпараттар, практикалық жаттығулар мен оқушылардың зейінін жақсарту жолдарын ұсынды. Логопед Марина Викторовна түрлі нейропсихологиялық сергіту сәттерімен таныстырды.  Дәрігер Галия Қожахметовна әр жастағы оқушылардың зейін үдерісінің  психофизиологиялық негіздері туралы айтты.

Семинар интерактивті түрде өтті: мұғалімдер топтарда жұмыс істеді,өзектендіру, миға шабуыл және сыни ойлау әдістері қолданылды. Педагогтер белсене қатысып, семинар тақырыбына байланысты сұрақтарды талқылады, сұрақтар қойды, зейінді дамытуға арналған  жаттығуларды орындады.

Педагог бейнесін жасауға арналған шығармашылық тапсырма кезінде мұғалімдердің креативтілік деңгейі анықталды.

Рефлексия кезеңіндегі семинар туралы жазбаша пікірлерді талдау педагогтерге арналған іс-шара өте өзекті, қызықты және танымды болғанын көрсетті.

Балалардың оқудағы және басқа да қызмет түрлеріндегі табыстары көбінесе зейінді болу қабілетіне байланысты. Зейінділікті дамыту қажет және мектепте оқыту күшті ынталандыру болып табылады. Мұғалім өз жұмысы барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеруі қажет. Педагог өз жұмысын оқушылардың назарын белсендіре отырып, оларды оқуға шоғырландыра және қызықтыра отырып ұйымдастыруы қажет. Зейінділікті дамытудың тиімді құралдарының қатарына ойындар мен жаттығулар жатады.

Тек балаларды зейінді болуға үйрете отырып, мұғалім оқу және тәрбие жұмысының табыстылығына сене алады.