БЕРНАРД ШОУДЫҢ «ПИГМАЛИОН» ПЬЕСАСЫ

25 января.
Лондон. Жазғы кеш, жаңбыр шелектеп құйып жатыр. Жаңбырдан қашқан жүргіншілер асыға Конвент-Гарден базары мен қасиетті Павел шіркеуіне тығылуда. Жазба кітапша ұстаған адамнан басқалары шыдамсыздықпен селдей болып аққан жаңбырға қарайды. Ары қарай не болады? Бұл туралы бізге 11 «А», 10 «А», 8 «А», 8 «Б» сынып оқушылары айтып берді.
Полковник Пикериг(Алмас Камалов, 10 «А») пен фонетика профессоры Генри Хиггинстің(Михаил Горбачёв, 10 «А») кездейсоқ кездесуі , фонетика көмегімен қарапайым гүл сатушы Элиза Дулиттлді Хиггинстің мәртебелі әйелге айналдыруы, Элизаның мінезіндегі өзгерістер, тұлғааралық қарым-қатынас көрермендерді ағылшын тілі әлеміне еліктіріп әкетті.
Қойылым 8 «Б» сынып оқушылары Полина Ожерельева мен Батырхан Алимбеков орындаған Пигмалион мен Галатеи биімен ашылды. Қойылым бойы көрермендерге автор сөзін 11 «А» сынып оқушысы Дмитрий Виноградов баяндады.