ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

Директордың алғысөзі

  1. /
  2. Директордың алғысөзі

«ТҰРАН» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ  САЙТЫНЫҢ ОҚЫРМАНДАРЫНА!

 

Біздің сайтымыздың беттеріндегі ақпараттар Сіздер үшін қызығушылық турдырғанына өте қуаныштымын.   «Тұран» білім беру корпорациясының бір бөлімі болып табылатын «Тұран» мектеп-лицейінің   жұмыстарының негізгі бағыттары жайындағы ақпараттармен  шын ықыласыммен бөлісуге дайынмын.  Біздің білім беру мекемемізбен танысу қызығушылықтарыңызды турдырып қана қоймай, пайдасын да тигізеді деген сенімдемін.

«Тұран» мектеп-лицейі  1996жылы алғаш рет оқушыларға есігін  ашып, білім алуға мүмкіндік жасады. «Тұран» лицейі басқа мектептермен тең тұрса да, оқушыларға ұсынатын мүмкіндіктері көп оқу орны. Біз бұл өмірде жолы болмайын адамдар жоқ деп есептейміз. Мүмкіндік болып, жағдай жасалса, жетістікке кез келген адам жетеді.  Біздің мектеп сәттілік сыйлайтын оқу мекемесі. Біз оқушылардың  кемшіліктерімен күрес жүргізбейміз, біз оқушылардың абыройлы болуына жағдай тудыру үшін жұмыс істейміз. Әр оқушының бойында бар шығырмашылық, интеллектуалдық қасиеттерін дамыту – біздің мекемеміздің  басты мақсаты.

Лицейдің  педагогикалық ұжымы – жылдар бойы бірге қызмет ету барысында  білім  және тәрбие беруде   тұтас бір жүйені құрып келе жатқан білікті мамандар.  Оқу үрдісіне қандай да бір «ойынмен оқыту», «мотивациялық» т.б  жаңалықтар еніп жатса да, білім алу – мектепке келіп сауық құрып, серуендеп қайту емес екенін ұмытпау керек. Оқу – әлеуметтік маңызы бар, қоғамға қажетті, кейде  бір сарынды, қызықсыз, ауыр, жауапкершілікті қажет етуімен қатар,  қызық пен қуанышқа толы, еңбек жолы. Аянбай тер төгуді, жұмыла, жан-тәніңмен беріле еңбек етуді қажет ететін үдеріс. Оқушы бүгінгі еңбегінің нәтижесінің болашақ өміріндегі  әлеуметтік сатылармен көтерілу жолында  байланысын көре білуі керек. Лицей оқушыларының бойында еңбек сүйгіштікті дамыту – лицей мұғалімдерінің алдына әр сағатта, әр күнде алға қойған мақсаттары.

Білім беру технологиясы мен мазмұны – тек оқу пәндерінің жиындығы ғана емес.  Ең алдымен оқушыны жеке тұлға ретінде, оның ойлау жүйесін дамытатын білім берудің негізгі мазмұны. Сондықтан мектебімізде  ән, би,  көркем өнер, каратэ, шахмат, театр үйірмелері негізгі пәндермен бірге үйлесім табады. «Тұран» мектеп-лицейі – ерекше эмоционалды жайлы атмосфера қалыптасқан,  мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар ынтымақтаса жұмыс істейтін мектеп. «Тұран» лицейін басқа ақылы мектептерден ерекшелендіретін тұстары да көп. Лицей сапалы білім беруімен қатар,  сыныптан тыс кезде оқушылардың табиғатқа жиі шығуы, туристік сапарлар, «Лицей» журналының шығуы, жоғары деңгейде өтетін концерттер, фестивальдар, шығармашылық ойындар, спорттық жарыстармен ерекшеленеді. Мектеп есігі ата-аналарға әр кезде ашық. Лицейіміз ата-аналармен  оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты барлық ақпаратпен бөлісіп отырады және мектепті басқаруға қатысты ата-аналардың да пікірлерімен санасады.

Сондықтан ата-аналармен баланы мектепке әкелмей тұрып танысу біз үшін өте маңызды. Сайтымызда біздің болашақ лицей оқушыларының ата-аналары лицей құрылымымен, оқу шарттарымен, лицей оқушылары және мұғалімдерінің  жетістіктерімен, лицей өмірінде болып жатқан жаңалықтармен, келер күнде өтетін ісшаралар құлақтандыруларымен таныса алады.

Біздің сайтымызда   сындарлы сұқбаттарымыз орын алып, достарымыз бен әлеуметтік серіктестеріміз көбейе түседі деген ойдамын.  Біз көпшілікті біздің ақпараттық ресурс беттерімен жиі танысып, мектеп өмірі, оқушылардың сабақтан тыс уақыты жайындағы талқылауларға қатысып   тұруға шақырамыз.

Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды форумда немесе  қонақтарға арналған кітапшада қалдыра аласыздар. Балаларымызды бірге өсіріп, олардың жетістіктеріне бірге қуанайық. Біздің қарым-қатынасымыз барлығымызға  болашаққа сенімділік, оптимизм, кездескен қиындықтарды бірге жеңуге, өзімізді және айналамыздағыларға түсіністікпен қарауға себеп бола алсын.

 

Аса құрметпен лицей директоры Ысқақова Гүлнар Оразқызы