ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

Есік өзеніне сапар

Есік өзеніне сапар

Саяхаттау маусымының қызған шағы. Көптеген қызықты сапарлар желісі алдында шыдап тұра алмадық. Мектептің ескі де жақсы дәстүрі бойынша сапарға аттандық. Таңдау Іле Алатауының Есік шатқалындағы Есік көліне түсті. Көл 10 жыл бұрын таудың құлауынан пайда болған және теңіз деңгейінен 1700 м. биіктікте орналасқан.

Табиғатты жақсы көретін 47 оқушы, екі мұғалім мен экскурсия жетекшісі  жолға жиналдық. Сапар күнін 15 қыргүйекке белгіледік.

Ауа райы да, көңіл күйіміз де тамаша болды, 2 сағаттық жолдың қалай өтіп кеткенін байқамай да қалдық. Біздің таңданысымызға шек болған жоқ. Көлдің көз жауын аларлық  әдемілігі жанды қызықтырады. Таза ауа, тамаша табиғат көрінісі мен көлдің зүбаржат түсі көзді қуантып, бізді таңғалдырды. Экскурсия жетекшісі  көлдің ортайып, құлазып бара жатқанын айтқанда мұңайып қалдық. Бүгінде Есік көлі бұрынғысынан екі есе кішкентай. Дегенмен қалпына келтіріліп, жаңа бөгет қойылған.

Мұнда өте тамаша, тынған тыныштық. Бұл жерге Алматы және жақын өңірлерде тұратын тұрғындар келеді. Көлдің айналасы-жартасты шатқалдар, альпілік шалғындар мен түрлі жануарлар әлемі өмір сүретін қалың орман. Есік көлі атырабы адамды арбап, өзіне тартады.

Бұл саяхат біз үшін өте қызықты да танымды болды. Біз сұлулығын сөзбен айтып жеткізе алмас Есік өзенін көріп қана қайтқан жоқпыз, жол бойы Есік қаласындағы мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұрайжайға тоқтап, сақ мәдениетінің археологиялық ескерткіштерімен таныстық.

Күн сәтті өтті! Телегей-теңіз көтеріңкі көңіл күй, күннің жылы сәулесі  мен жағымды қуат! Мұнің бәрін біз өзімізбен бірге қалаға әкеліп, өз жақындарымызбен бөлістік.