ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

ЕРЕКШЕЛІКТЕР

  1. /
  2. ОҚУ ҮДЕРІСІ
  3. /
  4. ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Бастауыш  мектепте шахмат,  хореография, ағылшын тілін оқытудың  бастапқы курсы енгізілген.

5 – 9 сыныптарда  төменде көрсетілген  курстар  оқытылады:

  • «Домашнее чтение: английские народные сказки»;
  • «New Opportunities»;
  • «Развитие речи»
  • «Избранные вопросы математики».

10 –  11 сыныптарда  келесі  курстар  оқытылады:

  • «New Opportunities»;
  • «New Success»;
  • «Business Communication»;
  • International  Relations and Multilateral Diplomacy»;
  • «Русское правописание: орфография и пунктуация»;
  • «Изучение сложных тем курса алгебры в средней школе».

Новосібір мемлекеттік  университетінің  арнайы ғылыми-ағарту орталығының сырттай оқыту мектебінің   математикалық бөлімімен байланыс жасалуда.

Орта буын оқушыларының  екінші шетел  тілін оқуға мүмкіндіктері бар: француз және неміс тілдері.

Қазақстанның  бірінші ханымы  Назарбаева Сара Алпысқызы екі рет лицейімізде қонақта болған.

Мектепте әдістемелік қызмет ұйымы жұмыс істейді,    бұл  орталықтың құрамына  ғылыми әдістемелік кеңес кіреді. Оның негізгі мақсаты педагогтардың біліктіліктерін үздіксіз көтеріп отыру.     Сонымен қатар әдістемелік ұйымның  құрамына пәндердің әдістемелік кафедралары еніп, олар арқылы педагогтар мен оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, пәндік байқаулар, ашық сабақтар,  іс-шараларға дайындық жүргізу және өткізу, мұғалімдердің  жеке және шағын топтарда жұмыстарын ұйымдастыру, оқу-тәрбие жұмысының технологиялары, жаңа әдістемелік  сынақтартан  өтеді.

Бүгінгі таңдағы мұғалімге  ғылыми-әдістемелік көмек берудің мақсаты – оқу-тәрбие үдерісіндегі құндылықтар, мақсаттар, мотивтерді ұғынып, рефлекция жасауға, сонымен қатар кәсіби шеберлігін активизациялауға жағдай тудыру.

Біз жас мұғалімдерді педагогикалық шеберлік мектебінде, теориялық  мен тәжірибелік семинарларда оқытып,  яғни  мектептегі қызметі арқылы толыққанды маман болып қалыптасуына  жағдай  жасаймыз.

Біздің мектеп мұғалімдері өз жұмыстарының тәжірибиесімен әдістемелік отырыстардағы әдістемелік тақырып жұмысы бойынша есеп беруде, жылда өткізілетін ашық сабақтарда, сонымен қатар педагогикалық ұжым толық қатысатын мастер-класс мектеп семинарларында  бөлісе алады.

Мұғалімдер  әріптестеріне өз жетістіктерін көрсетеді. Мұндай семинарлар жылына екі рет өткізіледі. Ашық сабақтар мұғалімге  өз тәжірибиесімен басқа әріптестермен бөлісу мүмкіндігін тудырады.

Әртүрлі бағыттағы  зерттеу жұмыстарын жүргізетін  лицей оқушыларының  «Ізденіс» ғылыми бірлестігі жақсы жұмыс жасауда. Жас ғалымдар қалалық, республикалық ғылыми жұмыс байқауларына белсенді қатысып, құрмет грамоталары және  дипломдармен марапатталады.

2014 жылы «Тұран» мектебі Кембридж емтихандарына дайындық орталығы «Cambridqe Endlish Preparation Center»  деген дәрежеге ие болды. 3-11 сынып оқушыларының  YLE, KET, PET және FCE  деңгейлері бойынша емтихан тапсырып, халықаралық үлгідегі сертификат алуға мүмкіндіктері бар.

Лицей оқушыларының арасында ағылшын тілінен білімдерін көтеру мақсатымен,  жыл сайын ағылшын тілі  мұғалімімен  оқушылар АҚШ, Ұлыбритания, Канада сияқты елдердің тілдік  мектептеріне барып, оқу бағдарламаларын меңгереді.

Мектептегі тәрбие жұмыстары оқушыларды заман ағымына сай өмір сүруге дайындау, болашақта  кез келген ортада өзін-өзі көрсетіп, сұранысқа ие  бола алатын азамат тәрбиелеу бағытында жұмыс істейді. Лицейде ұстаздар мен оқушылар біртұтас тәрбие кеңістігін құрайды, оның негізгі мақсаты – мұғалімдердің  білімін, тәжірбиесін оқушыларға  жеткізу.

Мектебіміздің  тәрбие жұмыстары   «Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі  тәрбие берудің кешенді бағдарламасы», негізінде ұйымдастырылған. Оның  негізгі мақсаты  – оқушылардың бойында қазақстандық ұлтжандылықты, рухани әдептілікті, толеранттылықты қалыптастырып, азаматтық борышын сезіне білетін , толерантты, салауатты, белсенді әлеуметтік тұлға тәрбиелеп, оқушылардың сапалы білім алып,  шығармашылық, танымдық  жұмыстармен айналысуына жағдай жасау.

Мектептегі тәрбие жұмыстары келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылған:

  • патриоттық;
  • азаматтық құқықтық;
  • рухани әдептілік;
  • эстетикалық;
  • СӨС;
  • білімділік;
  • балалардың өзін өзі басқаруын  дамыту.

Мектепте  оқушылардың   өзіндік басқару «Лицей кеңесі»  ұйымдастырылған. Кеңестің көрсетілген   бағдарламасы  белгіленген мақсаты, міндеті, ұстанымы   негізінде жұмыс істейді.

Кеңеске 5-11сыныптардан  28 оқушы кіреді. Оқушылардың өзін өзі басқару мақсатында жұмыс атқаратын  Лицей кеңесінің президент сайлауы өтеді.

Кеңес жұмысының мақсаты – әрбір тұлғаның шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Міндеттері:

  1. Ісшараларға, мектептің қоғамдық өміріне белсене  қатысу арқылы әрбір оқушының өзін өзі көрсете білуіне жағдай тудыру.
  2. Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
  3. Лицей оқушыларының қызығушылықтары және құқықтарын қорғау;
  4. Оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруі және демократизациялау.

Мектепте оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға негіз бола алатын үйірмелер жұмыс істейді. Жұмыс жасайтын үйірмелер: би үйірмесі, хор, вокал, театр студиясы, бейнелеу өнері, информатика, шахмат, еңбекке баулу, пионербол, футбол, каратэ. Би үйірмесінің шәкірттері, музыкалық  хор студиясы және театр студиясы мектептегі барлық мерекелік концерттерге белсенді түрде қатысады.

Бейнелеу өнері  студиясының оқушылары халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Мектепте жылда бейнелеу өнері бойынша қалалық байқау-көрмесі өтіледі.

Балалардың  денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында, спортқа қызығушылықтарын дамытатын  және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін үлкен жұмыстар жүргізіледі. Денсаулық күні, аудандық және қалалық спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Тәрбие жұмысында лицейдің ұстанымы – бала тұлғасын ашу және қалыптастыруға жағдай жасау, оның құқықтарын сақтай отыра, толерантты, мәдениетті, бақталастыққа қабілетті бейімделген, белсенді социализацияға, табысқа ұмтылған   тұлғаны  тәрбиелеу.