ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

«АДАМНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫ» ӨЗІН – ӨЗІ  ТАНУДАН АШЫҚ САБАҚ

«АДАМНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫ» ӨЗІН – ӨЗІ  ТАНУДАН АШЫҚ САБАҚ

 

25 желтоқсанда  7 «А» сыныбында өзін-өзі тану сабағынан «Адамның азаматтық ұстанымы» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ жастардың туып-өскен жерінен басқа елге кетуге  ұмтылатыны туралы айтылған мақаланы талқылаудан басталды.  Мәселені талқылаудың алдында  мынандай сұрақтар қойылды: «Сендер өздерің бір нәрсе тұрғызып, ұйымдастырып көрдіңдер ме?  Бір нәрсе жасау туралы идея бар ма?  Ешкім қызмет еткісі  келмей ме?».

Балалар адамгершілік, жалпы адамдық құндылықтар, азаматтық жауапкершілік, қоғамға қызмет ету  сияқты  сұрақтар көтерді.  Өз Отанына қызмет еткен  атақты адамдар туралы айтты. Олардың арасында  белгілі америкалық  өнеркәсіп иесі  Генри Форд, жарылыс физикасының маманы, генерал Г. Покровский,  қазақстандық суретші Д. Кайрамбаева да бар.

Оқушылар сабақта  өз пікірлерін айтып, атақты саясаткерлер мен жазушылардың, педагогтардың  адамның азаматтық ұстанымы тәрбиесі туралы жазғандарын оқып,  отбасы мен мектеп  азаматтық қарым-қатынастың қалыптасу  кеңістігі болуы керек  деген  қорытындыға келді. Сабақтың негізгі ойы ретінде «Қоғамға қызмет ету оқуда, саған артылған тапсырманы, , өз жұмысыңды орындауда болсын, сенің әр ісіңнен көрінеді » деген  пікір болды.