ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

liceum@turan-edu.kz
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

9 «А» СЫНЫБЫНДА ОРЫС ТІЛІНЕН АШЫҚ САБАҚ

9 «А» СЫНЫБЫНДА ОРЫС ТІЛІНЕН АШЫҚ САБАҚ

26 қарашада 9 «А» сыныбында «Тіл және мәдениет. СҚС тыныс белгілері» тақырыбында ашақ сабақ өтті (мұғалімі Хисамутдинова Р.Р.).

Сабақ мазмұнды да қарқынды өтті: оқушылар сабаққа өздері мақсат қойды, ережені тұжырымдап, пайымдауды үйренді. «Тіл мәдениеттен тыс, мәдениет тілден бөлек тіршілік ете алмайды» деген тезисті талқылаған соң оқушылардың жауаптары сенімдірек шықты. Топ мүшелері өз көзқарастарын  А.П.Чехов, М.Шаханов, А.Н.Толстой мен Абай сөздерінен мысал келтіре отырып дәлелдеді. Жұмыс жасау барысында балалар тіл мен мәдениеттің бір-бірімен байланысты, бір-біріне тәуелді  егіз ұғым екенін түсінді.

Сабақта балалар пікір алысып қана қоймай, СҚС тыныс белгілерін қоюды үйренді.  Сөйлемдер бойынша берілген өзіндік жұмыс балалардың жаңа материалды жақсырақ түсінуіне мүмкіндік берді. Сабақ рефлексиямен аяқталды. Оқушылар Н.Ә. Назарбаевтың «Біз үшін ана тіліміздей құнды тарихи мұра жоқ» деген сөзін талқылауда алған білімдерін өзектілендіріп, жаңа тақырып бойынша негізгі ұғымдарды қаншалықты  игергендерін көрсетті.