ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

7 «А» СЫНЫБЫНДА ОРЫС ТІЛІНЕН АШЫҚСАБАҚ

7 «А» СЫНЫБЫНДА ОРЫС ТІЛІНЕН АШЫҚСАБАҚ

28 қарашада 7 «А» сыныбында орыс тілінен «Жыл мезгілдері. Көмекші сөздер» тақырыбында ашық сабақ өтті. Балалар қай жыл мезгілінің ең жақсы екенін айтып, өз көзқарастарын дәлелдеп монолог құрды.

Ф. И. Тютчев, А. Н. Плещеев, С.А. Есенин, А. С. Пушкин өлеңдерінен үзінділер оқып, метафоралар мен эпитеттерді, теңеу мен бейнелеуді тапты. П. И. Чайковскийдің «Жыл мезгілі» музыкасын тыңдап, И. Левитан, И. И. Шишкин, В. Поленов, В. Серов, А. К. Саврасов пейзаждарын қарады.

Балалар топта өзіндік шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра отырып,  орыс өнерінің үздік туындыларына өз көзқарастарын білдіріп үйренді.

Жылы ықыласты орта, позитивті ойлау, таңдап алынған заманауи әдіс-тәсілдер әр баланың жеке дамуына, сабақтан жақсы көңіл күймен шығуына көмектесті.