ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

3 «Б» СЫНЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ

3 «Б» СЫНЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ

22 қазанда 3 «Б» сыныбында «Біздің конституция» тақырыбында метапәндік ашық сабақ өтті. Сабақ ізденіс сабақ, ойын сабақ түрінде өтті.

Балалар Концтитуция еліміздің негізгі заңы екенін, өз құқықтар мен міндеттері туралы білді. Еліміздің құндылықтарының мәнін түсініп, Қазақстан азаматтары үшін Концтитуцияның маңызын түсіндірді, мемлекет тарапынан бала құқығы мен балаға жасалатын жағдайдың өзара байланысты екенін дәлелдеді.

Эмодзида жасырынған сабақ тақырыбын балалар еш қиындықсыз тапты. Әр оқушы қолына Конституцияны ұстап, парақтап, кейбір баптарды, алғысөзді оқып, танысуға мүмкіндік алды. Балалар «Инсерт» тәсілі бойынша жұмыс жасап, өзімен қатарлас балалардың құқығын көрсететін жағдайды суреттейтін кластер құрды.  Әуе шарымен саяхат жасау нәтижесінде азаматтар құқығы бойынша қиын таңдау жасауға тура келді. «Мен азаматпын, себебі…» сөйлемін аяқтады.

Үйге тапсырмасы: Алматы қаласы әкіміне аймақтағы балалардың өмірін жақсарту бойынша ұсыныстар білдіріп, хат жазу.

Оқушылар мақсат қою, сабақты құрылымдау , рефлексия үдерістерінде жұмылдырылды. Сабақта жағымды көңіл күйлі жағдай жасалып, пікір алысу, әртүрлі жағдайларда өз іс-әрекеттерін саналы түрде үлгілеуге талпыныс жасалды.