ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

7 «Б» СЫНЫБЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АШЫҚ САБАҚ

7 «Б» СЫНЫБЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АШЫҚ САБАҚ

17 қаңтарда 7 «Б» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Даникова А.А. «Сән әлемі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ басында мұғалімнің айтқан жылы сөздері, жақсы тілектері жайлы атмосфера қалыптастырды. Оқушылар берілген сұрақтардың мағыналық байланысын анықтау және сабақ басында өткізілген «Ұстанымыңды таңда» тәсілі көмегімен сабақтың тақырыбын анықтады. Оқытушының өз білімін жетілдіру тақырыбы «Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» болғандықтан, сабақтың барлық кезеңдерінде топпен дидактикалық ойындар пайдаланылды. Үй жұмысы «Екі тақия» тәсілі арқылы сұралды. Жарыс түрінде өткен сауалнама оқушылар арасында бәсекелестік рух тудырды. «Етістіктің шақтары» тақырыбын қорыту мақсатында тесттік жаттығу құрылғысы көмегімен дидактикалық ойын пайдаланылды.

Жаңа мазмұнда білім беру талабына сай сабақ бойы балалар жаңа білімге өздері қол жеткізуге тырысты. Өздері жаңа сөздерді тапты. Мәтін бойынша жүргізілген тапсырмалар кешені балаларға жаңа мәтінмен жұмыс жасауға көмектесті. Балалар мәтінге ат қойып, қазақ тіліндегі сөйлемдердің аудармасын мәтіннен  тауып, мәтін бөліктерін дұрыс ретпен орналастырды. «Кахоот» онлайн-ойыны оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Материалдарды қорыту және мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбын жүзеге асыру мақсатында сәнді киімдер салонындағы ер адамдар киімі сәнгерінің көрсетілімі кезіндегі тілдесім жағдаяттық рөлдік ойын өткізілді. Жағдаяттық ойыннан кейін әр топ жаңа сөздер мен ауыспалы осы шақтағы етістіктерді пайдалана отырып, қарсы топтың жұмысын бағалады.

Жаңартылған білім беру талабына сай сабақ соңында «Ішкі және сыртқы шеңбер» тәсілі арқылы оқушыларды формативті бағалау жұмысы жүргізілді. Бірінші оқушылар бірін-бірі бағалады, кейін бағалауды мұғалім жүргізді. Сабақта оқушылар қазақ тілін жақсы меңгергендерін көрсетіп, әртүрлі тапсырмалар орындады, сұрақтарға жауап берді. Сабақ балаларға өте ұнады, олар бар ықыластарымен жұмыс жасады. Сабақ барысында Левина Анна, Дидарова Медина, Валиева Дария өз білімдерін көрсетті. Алдын ала берілген тапсырманы Смагулова Медина, Ибрагимова Томирис, Шумаков Артем жақсы орындаған.