ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

«SOCIAL BUSINESS MODEL CANVAS/КАНВА ӘЛЕУМЕТТІК БИЗНЕС МОДЕЛЬДЕРІ» оқыту тренингі

«SOCIAL BUSINESS MODEL CANVAS/КАНВА ӘЛЕУМЕТТІК БИЗНЕС МОДЕЛЬДЕРІ» оқыту тренингі

27 қазанда «Тұран» университетінің «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Береснёва Анна Сергеевна әлеуметтік және бизнес жобалармен жұмыс істеп жатқан «Тұран» лицейі» мектебінің мұғалімдері мен оқушыларына «SOCIAL BUSINESS MODEL CANVAS/КАНВА ӘЛЕУМЕТТІК БИЗНЕС МОДЕЛЬДЕРІ» тақырыбында оқыту тренингін өткізді.

Тренингтің барлық қатысушылары жоба жасаудың ерекшеліктеріне байланысты сұрақтардың шешімін табуда үлкен қызығушылық танытты. Жобаның құндылығы неде? Жоба қандай мәселелерді шешуге көмектеседі? Тұтынушымен қалай қарым-қатынас жасау керек? Нақты бұл жобаның тұтынушысы кім?  Жобаның маңыздылыған арттыру үшін қандай ресурстар керек?   т.б.

Топта нақты бір жобаның мәселелері бойынша жұмыс жүргізілді. Пікір алмасу қызу өтті,  барлық қатысушылар- оқушылар мен олардың ғылыми жетекшілері тренермен бірге жобамен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарын анықтап, алдағы «Enactus Turan» командасымен бірлесе жұмыс істеудің жолдарын белгіледі.