ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КОНЦЕРТ

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КОНЦЕРТ

28 желтоқсанда  мектепте 5-11 сыныптарға арналған «Жаңа жылды бірге қарсы аламыз» атты жаңа жылдық мерекелік концерт  өтті.

Мерекелік іс-шара Жаңа жыл-Доңыз жылының келе жатқанын хабарлаған  куранттардың  айтысынан басталды. 2018 жыл жүргізушісі  (Виноградов Дмитрий, 11 «А» сынып оқушысы) мен  2019 жыл  жүргізушісі  (Рамазанова Диана,  9 «А» сынып оқушысы) Жаңа жылды қалай қарсы алған жақсы екені туралы талқылады.  2019 жыл ерекше қонақтар шақыру керектігін айтып еді, ертегі басталды да кетті. Ертегі кейіпкерлері пайда болды. Жаңа жылдық әнге билей жөнелген кейіпкерлер:  Қар ханшайымы (Алишпанова Сафийя, 9 «А» сынып оқушысы), заманауи Жалмауыз кемпір (Астанина Алина, 7 «А» сынып оқушысы),  №1 и №2 Қарақшылар (Мирзадинов Едиль, 6 «Б» сынып оқушысы ,  Уфимцев Сергей,   6 «А»  сынып оқушысы)   мерекені  бүлдіргісі  келді. Қалай жасаса жақсы болатыны туралы таласқа көшті.  Қарақшылар  ақысыз жұмыс істеуден бас  тартты, бірақ  біраз бой жазып алуды көздеп, №1 Қарақшы «Хип-хоп» биледі. Лицейліктер кейіпкерлерді таңқалдырып ду қол шапалақ пен  қарсы алды. Заманауи Ақшақар(Сотникова Елизавета, 7 «А» сынып оқушысы)   келген соң , ертегі кейіпкерлері жағымды кейіпкерлерге айналды.  Вокалдық топтар «Голос Турана» (Last Christmas» әні), «Домисолька» («Jingle Bells» әні) мен  9 «Б» сынып оқушысы Кадырова Аделя «Santa tell mi» әнімен ертегі кейіпкерлеріне қолдау көрсетіп,  мерекелік концертті өткізуге атсалысты.  Бауржанов  Алимжан  Бауржанович жетекшілік ететін мектеп  драма театры үйірмесі «Жақсылық пен жамандық» қойылымын көрсетті. 6 «Б» сынып оқушылары әлемнің түкпір-түкпірінде Жаңа жылда қалай қарсы алатыны туралы айтты.  8 «Б» сынып оқушылары жаңа жылдық видео құттықтауларын  көрсетті. Жаңа жылдық мерекеге жылдағыдай Аяз ата  (Горбачёв Михаил, 10 «А» сынып оқушысы) келіп, лицейліктерді  құттықтады.  Лицейдің  «Попурри» би студиясы,  , 11 «А» сынып «Уақытқа саяхат», 7 «А» және  7 «Б» сыныптар «Қарлар биі», 9 «Б» сынып оқушысы«Сыған  биі» билерін орындаса,  мереке «Жаңа жылдық флешмобпен» аяқталды.

Жаңа жылдық мереке 11 «А», 10 «А» сыныптары дайындаған би кешіне ұласты.

Осылай жаңа жылдық мерекелер де аяқталды, алда қысқы демалыс!