ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

liceum@turan-edu.kz
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

«РУХАНИ ҚАЗЫНА» АПТАЛЫҒЫ

«РУХАНИ ҚАЗЫНА» АПТАЛЫҒЫ

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мұғалімдері  ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Жаса, Қазақстаным!» фестиваліне белсене қатысты. Фестиваль аясында кафедра 25 – 28 қараша аралығында «Рухани қазына» апталығын өткізді. Қазақ халқының мәдени мұрасымен таныстыратын «Ұлы Даланың жеті қыры» атты стенд жасалды.

26 қараша күні Жумагалиева А.Г.  4 «Б» сыныбында «Ұлттық аспаптар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өтті, мұғалім қойған білімділік-танымдық , тәрбиелік мақсаттарына жетті. Оқушылар қазақ халқының этномәдениетін жақсы білетіндерін көрсетті.

27 қарашада оқушыларға «Менің тілім-менің мақтанышым» тақырыбына біріктірілген бірқатар бейнероликтер ұсынылды. Мұнда мерейтой иелері Ф.Оңғарсынова,  Б.Соқпақбаев, С.Сейфуллиннің шығармашылықтары туралы қызықты материалдар көрсетілді. Көрсетілген барлық бейне материалдар, фильмдер эпизодтары,  көркем шығармаларынан оқылған үзінділер әр үзілісте қойылып, балалардың  қазақ халқының көркем де бай тілімен танысуына жағдай жасады. Мектебіміздің оқушылары қазақ әдебиетінің  мақтаныштары болып саналатын танымал ақындардың өмірі туралы көптеген деректермен танысуға мүмкіндік алды.

Даникова А.А. өткізген  «Қазақстанда жасалған» квест-ойыны апталықтың қорытынды іс-шарасы болды. Ойынға «Тілдесу» клубынының өкілдері 5-6 сынып оқушылары қатысты. Ойынның мақсаты «Келесі бекетті тап», «Ұлттық тағамдар туралы жарнама жаса», «Қазақстанның танымал қайраткерлері жайлы  постерді қорға» сияқты әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың қазақ тілін,  қазақ халқының этномәдениетін  үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. «Жентек қар» жарысы мен  «Лот-аукцион» сұрақтары өте қызықты болды. Ойын «Пырақ» және «Жұлдыз»  командалары арасында сайыс түрінде өтті.

Апта қызықты да мазмұнды өтті.