ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

liceum@turan-edu.kz
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

«ХАЛЫҚТЫҢ ӨНЕГЕЛІК БАҒДАРЫ» АПТАЛЫҒЫ

«ХАЛЫҚТЫҢ ӨНЕГЕЛІК БАҒДАРЫ» АПТАЛЫҒЫ

25-29 қараша аралығында «Жаса, Қазақстаным!» фестивалі аясында гуманитарлық цикл кафедрасы «Халықтың өнегелік бағдары»  апталығын өткізді. Апта түрлі іс-шараларға толы болды. Фойеге «Қазақстан жазушылары» ақпараттық стенд жасалып, оқушылар Абай, М.Әуэзов, С.Мұқанов, Г.Мүсірепов, И.Шухов, О.Сулейменов сияқты ақын-жазушылардың өмір жолымен таныса алды. Балалар ұлы адамдардың көрнекті сөздеріне көңіл аударды.

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Джарбулова А. К. «Менің Отаным -Қазақстан»  жобасын дайындады. Орта және жоғары сынып оқушылары Қазақстанның ерекшеліктері туралы айтылған қызықты жұмыстар дайындады. Үздік жоба жұмыстары фойеге ілінді.

Әр үзіліс сайын Орта ғасырдағы Қазақстанның сәулет өнері мен археологиялық ескерткіштерінің таңғажайып құпияларын ашатын бейнероликтер қойылды.

26 қарашада 9 «А» сыныбында Хисамутдинова Р.Р.  орыс тілінен «Тіл және мәдениет. СҚС тыныс белгілері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ мазмұнды да қарқынды өтті: оқушылар сабаққа өздері мақсат қойды, ережені тұжырымдап, пайымдауды үйренді. «Тіл мәдениеттен тыс, мәдениет тілден бөлек тіршілік ете алмайды» деген тезисті талқылаған соң оқушылардың жауаптары  сенімдірек шықты. Топ мүшелері өз көзқарастарын  А.П.Чехов, М.Шаханов, А.Н.Толстой мен Абайдың сөздерінен мысал келтіре отырып дәлелдеді. Жұмыс жасау барысында балалар тіл мен мәдениеттің бір-бірімен байланысты, бір-біріне тәуелді  егіз ұғым екенін түсінді.

29 қарашада мұғалімдер  Соловьева В.В., Хисамутдинова Р.Р. и Женискызы А. 10-11 сынып оқушыларымен «Халықтың өнегелік бағдары» тақырыбында әңгімелесу сабағын өткізді. Сабақта балалар өнегелік құндылықтар туралы пікірлесіп, өздері үшін маңыздысын анықтады, өмірде бағдардың керектігі туралы мәселе көтерді. Ең маңызды дүниелер бала кезде, отбасында қаланады, әр адамның бағдары  бүкіл халықтың өнегелік мұраттарына негізделеді деген қорытындыға келді.