ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

Мақсат қою тренингінде

Мақсат қою тренингінде

Біздің өміріміз әртүрлі мақсаттардан (күнделікті мақсаттардан бастап үлкен-үлкен мақсаттар) құралады. Жетістіктің ең басты фактолары-дұрыс қойылған мақсат пен оған жету жолындағы жоспар.

Мақсат қоя білуге арналған тренинг 2018 ж. 12 қаңтарында өтті. 9 сынып оқушылары қандай мақсат түрлері болатынын біліп, «дұрыс» және «өз» мақсаттарын анықтауды үйренді. Мақсат қоюдың тиімді тәсілдері, оған жетудің жолдарымен танысты. «Менің қол жеткізген мақсаттарымның коллажы» әдісі арқылы өз мақсаттарын түсініп, қағазға түсірді. «Мақсатты қалай қою және жету керектігі» туралы жадынамалар алды.

Мұндай мақсат қоюға бағытталған жаттығулар қалай көмектеседі? Адам үшін өмірде не маңызды екенін, қалайда оған жету керегін түсініп, қажетсізін қысқартып, ең негізгілерін басшылыққа алуға үйретеді. Адам өз-өзін ауық-ауық (жылына бір рет) тексеріп отырғаны дұрыс, себебі адам-үнемі өзгеріп отыратын құбылыс.

9 сыныпқа жетекшілік ететін психолог Кузнецова О.В.