ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

2018-2019 жаңа оқу жылы басталды

2018-2019 жаңа оқу жылы басталды

1 қыркүйек күні мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Керней үні жиынның басталғанын салтанатты түрде жеткізді. Бұл кішкентай бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы жиын. Бірінші сынып оқушыларын қатысушылар ерекше жылылықпен, ду қол шапалақпен қарсы алды. «Тұран» университеті  ректоры Алшанов Р.А., мектеп директоры Исламгулова С.К, ата-аналар атынан мектебіміздің оқушылары Темирали, Нурали және Амиралидің анасы Алдабергенова Е.А. құттықтау сөздерін айтты.

Бірінші сынып оқушылары да өз әсерлерімен бөлісіп, тек «4» пен «5»-ке оқуға уәде берді. Бірінші сынып оқушыларын құттықтауға  ертегі кейіпкері Кузя да келді, құттықтап қана қоймай оқушылармен әсерлі флешмоб өткізді.

Он бірінші сынып оқушылары құттықтау сөздерін жолдап, болашақ лицейліктерге  кеңестер беріп, кітаптар сыйлады. Бірінші сынып оқушыларына барлық  музыкалық нөмірлер арналды:  «Жақсы көңіл-күй» биі (лицей би студиясы), «Ойыншықтар» әні (Уварова Вероника, 2 «В» сынып оқушысы), «Майкл Джексон  және хип-хоп» (Мирзадинов Тагир, 1 «В» сынып оқушысы).  Алғашқы қоңырауды соғу мәртебесі 11 «А» сынып оқушысы Боднар Дмитрий мен 1 «Б» сынып оқушысы Тухтахунова  Диямираға бұйырды. Бірінші мектеп қоңырауы үні естілді. Сүйікті мектеп есігін ашатын қоңырау үні, жаңа білім мен ашылымдарға жол ашатын қоңырау үні! Білім күндерің құтты болсын, бірінші сынып оқушылары! Білім күндеріңмен, лицейліктер!

сты!