ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

«ТҰРАН»ЛИЦЕЙІ» МЕКТЕБІНДЕ «ҒЫЛЫМИ ЖАҢА ЖЫЛ»

«ТҰРАН»ЛИЦЕЙІ» МЕКТЕБІНДЕ «ҒЫЛЫМИ ЖАҢА ЖЫЛ»

Қандай демалысты бақытты, сәтті деуге болады? Әрине тиімді өткізген күн, ата-аналар балаларымен бірге өткізген күн. Міне, 12 қаңтарда мектебімізде «Тұран» лицейі мектебіндегі ғылыми жаңа жыл» атты  интерактивті бағдарламаға балалар әкесімен, анасымен келді. Орталық кіреберісте бағдарламаға қатысушыларды іс-шараны ұйымдастырушы-«Ақылды қала» жобасының қызметкерлері күтіп алды. Балалар бес командаға бөлінді. Сценарий бойынша қатысушылар жаңа жылдық сыйлықтарды, жасанды заттарды тауып, у қайтарғышты анықтап, тотемдік жануарларды  қайтару керек болатын. Алда балаларды ғылым әлеміне қызықты саяхат күтіп тұрған еді. Геологиялық зертханада оқушылар пайдалы қазбалар мен минералдарды іздеу ерекшеліктерімен танысып,  палеонтология ғылымы туралы білді. Химия, биология, физика зертханаларында балалар микроскоппен жұмыс жасап, химиялық  реакциялар  мен заттардың өзгеруін бақылап, физикалық  ойжұмбақтар шешіп, биологиялық зерттеулерге қатысты. Ұйымдастырушылардың анық та тәртіпке салынған  жұмыстары әр баланың  түрлі эксперименттерге қатысуына мүмкіндік берді.

Ал жас зерттеушілердің  ата-аналары бөлек «үлкендер» бағдарламасына қатысты. Олар соңғы ғылыми жаңалықтармен танысып, викторина сұрақтарын қызығушылықпен жауап берді.

Бағдарлама соңында қатысушылар ерекше жаңа жылдық сыйлық –әртүрлі сынақ жүргізуге арналған жинақ алды.

Жоба тамаша көңіл күй сыйлап қана қойған жоқ, сонымен бірге қатысушыларға жаңа білім қорын берді. Кім біледі, мүмкін бүгінгі жобаға қатысу көп балалардың қандай да бір ғылымға құштарлығын арттырар.