ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА САБАҚ ҚҰРЫЛЫМЫНА МЕТАПӘНДІК ТӘСІЛДЕМЕ» ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА САБАҚ ҚҰРЫЛЫМЫНА МЕТАПӘНДІК ТӘСІЛДЕМЕ» ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

17 қарашада білім берудің жаңа стандарттарын енгізу жағдайында педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында мектеп мұғалімдері «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында сабақ құрылымына метапәндік тәсілдеме» ғылыми-әдістемелік семинарға қатысты.

Өзектендіру кезеңінде мұғалімдер топпен жұмыс жасап, заманауи сабаққа қойылатын негізгі талаптарды еске түсірді.  Семинардың теориялық бөлімінде 2016-2017, 2017-2018 оқу жылдарында А.В.Хуторскойдың (Мәскеу қ.) «Оқытудағы метапәндік әдіс» және «Эвристикалық сынып» ғылыми мектебінің қашықтықтан оқыту жобасына қатысқан мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Топтағы жұмыстарын жалғастыра отырып, мұғалімдер ҚР білім берудің жаңа стандарттарына сай сабақ жоспарын құрып, әріптестеріне талқылауға, пікір алысуға ұсынды.

Семинарға қатысушылар рефлексия кезеңінде  тақырыптың өзектілін, тәжірибелік маңыздылығын атап көрсетіп, өз жетістіктері мен қателіктерін, оның себептерін түсінді.

Семинар жүргізушісі директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Рукавицына Л.И. әрбір мұғалімнің бәсекеге қабілетті, заманауи ұстаз болуын,  жеке және кәсіби мәдениетін үнемі көтеріп отыру қажеттілігін ескертті. «Кеше мен ақылды едім, әлемді өзгерткім келген, бүгін мен данамын, сондықтан өзімді өзгерткім келеді» (Шри Чинмой).