ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

ЛИГВИСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ

ЛИГВИСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ

Бүгінгі таңда лингвистикалық сауаттылық  жетістікке жетудің негізгі шарттарының бірі болғандықтан, біз оқушыларымыздың бойына белгілі бір деңгейде тілдік  мәдениетті қалыптастыруға  тырысамыз.

Мектебіміздің білім беру бағдарламасы оқушылардың ағылшын тілін тереңдетіп оқуын көздейді.  Осы мақсатта мемлекеттік білім беру стандарттарымен қатар 9-сыныптарда «Ағылшын тілі практикалық  грамматикасы» қосымша курсы енгізілген.

10-11 сыныптарда “Business Communication”,  «Халықаралық қатынас және көп жақты дипломатия».  Бұдан басқа жаратылыстану ғылымы бағытындағы пәндердің біразы ағылшын тілінде өтіледі. 4-9 сыныптарда «Ағылшын тілінде  тілдесу» курсын Ұлыбританиядан келген оқытушы-тіл иесі өткізеді.

Оқушыларымыз біраз жылдан бері «Тұран» лицейі» мектебі базасында тілді меңгеру деңгейін растайтын халықаралық Кембридж емтихандарын сәтті тапсырып, олимпиадалар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Демалыс уақытында балалар мектебіміздің мұғалімдерімен бірге шетелдегі  тіл курстарына барады.

Мұнымен қатар мектеп мұғалімдері жаңа технологиялар, әдістер, ақпараттық ресурстар негізінде лингвистикалық бағытта білім беру қызметі аясын кеңейту қажет деп есептейді.

Тыңдау арқылы сөйлеуді қабылдау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік беретін қосымша тәжірибемен қамтамасыз ету мақсатында «Лингвистикалық жаттығу» жаңа жобасы жасалды. Жобаның бастапқы «Ойланба! Тыңда!» кезеңінде  0-11 сынып оқушыларына бірінші сабақтың алдында 7-10 минут ағылшын тілінде арнайы іріктелген видеороликтер ұсынылады (оқушылардың жас ерекшеліктері мен болатын сабақ пәнін ескере отырып). Бұл жобаға қатысу оқушылардың тақырыптық сөздік қорын толықтырып, ағылшын тілді елдердің қалыпты сөйлеу қарқынына үйрену, танымдық белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Мақсат қою мен материал таңдауда өзіндік ерекшелігі бар қазақ және орыс тіліндегі бағдарламалар қосылып, болашақта жоба өз жалғасын табады.