ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

№ 1 БАЛАЛАР ҮЙІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ

№ 1 БАЛАЛАР ҮЙІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ

31 қаңтарда «Тұран» лицейі» мектебінде № 1 Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен лицей оқушылары  қатысқан концерт өтті. Мұндай іс-шара лицейімізде бірінші рет өтіп отыр. Концертке кішкентай бүлдіршіндерден бастап жоғары сынып оқушыларына дейінгі әртүрлі жастағы балалар қатысты. Ортақ шығармашылық балаларды біріктірді. Бір сахнадағы өнер, концерттегі мерекелік көңіл-күй, музыкаға деген сүйіспеншілік балалардың басын қосты.

Концертте махаббат, достық, бейбітшілік туралы әндер шырқалды.  Концерт қонағымыз 3-сынып оқушысы Оглы Эвелинаның «Астана» әнімен басталды. Эвелинаны көрермендер ду қол шапалақпен қарсы алды. Лицейдің «Айналайын» вокалдық тобы «Здравствуй, счастье!» әнімен залды керемет әсерге бөледі. Ең жас қатысушы «Тұран» лицейі» мектебінің 1 «В» сынып оқушысы Мирзадинов Тагир көрермендерді қайран қалдырып, баурап алды. № 1 Балалар үйінің жоғары сынып оқушылары Алмат Абен мен Колесников Руслан домбырамен «Ақтолқын» күйін орындап, қонақтарды таңқалдырды. 7 «А» сынып оқушысы Сотникова Елизавета («Тұран» лицейі») лирикалық «Соғыс туралы әнді» орындап, халық арсындағы қақтығыстың неге әкелуі мүмкін екені туралы ой салды. Үшінші сынып оқушылар Азиза мен Эвелина (№ 1 Балалар үйі) «Одуванчик» және «Керек маған таң нұры» әндерін орындап, мерекеге көктемгі көңіл-күй сыйлады. Лицейдің би студиясы әсерлі «Pyjama party» биін көрсетті. Концерт № 1 Балалар үйі тәрбиеленушілері дайындаған флешмобпен аяқталды.

Концерттен кейін лицей психологтары іс-шараға қатысушылармен қызықты ойындар өткізді. Балалар тренинг кезінде шығармашылық жобалар дайындап,бір-бірімен жақын танысты. Ортақ іс ешкімді бейжай қалдырмады, іс-шара шәй ішіп, естелікке сыйлықтар тарту етумен аяқталды.