ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

liceum@turan-edu.kz
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» КВЕСТ-ОЙЫНЫ

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» КВЕСТ-ОЙЫНЫ

28 қарашада «Гүлдене бер, Қазақстаным!» фестивалі аясында «Қазақстанда жасалған» квест-ойыны өтті.

Ойынға қазақ тілі мұғалімі Даникова А.А. жетекшілік ететін  «Тілдесу» клубына келіп жүрген  5-6 сынып оқушылары қатысты.

Ойынның мақсаты «Келесі бекетті тап», «Ұлттық тағамдар туралы жарнама жаса», «Қазақстанның танымал қайраткерлері жайлы  постерді қорға» сияқты әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың қазақ тілін,  қазақ халқының этномәдениетін  үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын бекіту.

Ойында «Жентек қар», «Лот-аукцион» интербелсенді тәсілдер пайдаланылды.

Ойын мазмұны да сан түрлі болды:Қазақстан тауарларының танымал сауда белгісі, ұлттық салт-дәстүрлер, Қазақстанның тарихи және мәдени құндылықтары. Барлығы фестивальдің басты мақсатына сай болды:балалардың бойына  отансүйгіштік,  ұлттық мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

«Жұлдыз» бен «Пырақ» командаларының  жарысы сайыстық рух берді. Қатысушыларға сайыс соңында мақтау қағаздары, жүлделер табыс етілді.

Ойын «Тілдесу» клубы мүшелерінің бірлігін нығайтты, барлығы тату жұмыс жасады. Ойын барлығына ұнады, балаларға жақсы көңіл күй сыйлады.

Жүргізушілер  9 «Б» сынып оқушылары  Шахло мен Мусин Альтаир қазақ тілінде еркін сөйлеп, ойыншыларды бекеттен бекетке апарып, ойын шарттарын қазақ тілінде түсіндірді.

Қатысушылар да тапсырмаларды толықтай түсініп, барлық бекеттерден жақсы өтіп шықты. Екі команданың да жарнама роликтері қызықты болды. Балалар өздерінің әртістік қабілеттерін, мәнерлі сөйлей білетіндіктерін, көрермендер алдында өнер көрсете алатындықтарын байқатты.

Гүлдене бер, Қазақстаным! Міне оқушыларымыз осылай елімізді келе жатқан мерекемен құттықтады.