ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

«Қазақстан-менің Отаным» Қазақстан халықтарының Тілдері күні

«Қазақстан-менің Отаным» Қазақстан халықтарының Тілдері күні

21 қыргүйекте Қазақстан халықтарының Тілдері күні мерекесіне арналған «Қазақстан-менің Отаным» атты фистиваль өтті. Фистивальді сырдайда лирикалық қазақ күйін орындаған  8 «Б» сынып оқушысы Мейрам Аиша ашты. Туған жер, туған тіл тақырыбын «Ана тіл» әдеби- поэзиялық композициясымен 8-сынып оқушылары жалғастырды. Қазақстан- көпұлтты мемлекет, мұнда 140 астам ұлт өкілдері тұрады. Лицейліктер осынау көп ұлтты тұрғындардың аз ғана бөлігін көрсете алды. Ағылшын тілінде әдемі  «Flashight» (Ким Анна,7а), украин тілінде— «Ты ж мини пидманула» (8а и 8б) әндері орындалса,  әртүрлі халықтардың – қазақ биі — «Қамажай» (6а и 6б), ұйғыр биі – «Тойнамэ» (9а и 9б), орыс биі – «Валенки» (10а),  кәрей биі– «Хвангванму» ( 7а и 7б), грузин биі – «Ачараули» (11а), татар биі – «Апипа» (5а, 5б, 5в) әсерлі орындалды. Әртүрлі тілдерде  өлеңдер оқылды. Фистиваль аяқталғанымен келесі оқу жылында жалғасын табары сөзсіз. «Қазақстан» деп аталатын ортақ үйіміздің тыныш та бақытты болашағының кепілі-Қазақстанда тұратын барлық халықтардың достығы,  олардың ортақ істері мен мерекелерінде.