ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

МҰҒАЛІМДЕР КҮНІ

МҰҒАЛІМДЕР КҮНІ

5 қазанда Мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар өтті:

  • Дублёр күні
  • Мерекелік концерт

Бұл күні мектепте мерекелік  көңіл күй орнады. Жоғары сынып оқушылары мұғалімдердің рөлінде болды. Мұғалімдер олардың  өз міндеттерін қалай атқаратындықтарын сырттарынан бақылап жүрді.

Сағат екіде Мұғалімдер күніне арналған «Рақмет, ұстазым!» атты мерекелік концерт басталды.

Концерт мұғалімдерді қошаметтеп, өлеңмен құттықтаудан (9 «А», 5 «А» және 5 «Б») басталды. Лицейдің би студиясы музыкалық сәлемдерін жолдады («Жақсы көңіл күй» биі), 9-10 сынып оқушылары  «Тосынсый» шағын-мюзиклін сыйға тартты. Мұғалімдерге арналған өлеңдерді оқыған бірінші сынып оқушылары  жүректі елжіретсе, 11 «А» сынып оқушылары  Гаджиева Ася мен Игнатьева Тина «Оқушылар» биімен таңғалдырды. «Голос Турана» дәне «Домисолька» вокалдық топтарының мұғалім туралы лирикалық әндері орындалды. Концерт лицей мұғалімдері мен оқушылары орындаған «Попурри» флешмобымен аяқталды. Концерт қатысушылар мен көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.