ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

«ENACTUS TURAN» КОМАНДАСЫМЕН КЕЗДЕСУ

«ENACTUS TURAN» КОМАНДАСЫМЕН КЕЗДЕСУ

12 қазанда «Тұран» лицейі» мектебінің мұғалімдері-оқушылардың бизнес және  әлеуметтік жоба жұмыстарының жетекшілері «Enactus Turan» командасымен және олардың тәлімгері, «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Береснёва Анна Сергеевнамен кездесті. «Тұран» университетінің студенттері әлемнің 40 елінің іскер-көшбасшылар мен студенттерінің басын біріктірген «Enactus» ұйымы туралы айтты. «Тұран» университеті  командасы «Жанды ашықхат» жоба жұмысы бойынша республикалық байқауда 1 орынға ие болғандықтан инновация саласында үздік танылып, Сингапурдегі техникалық  кәсіпкерлікті оқып үйренуге мүмкіндік алды.

Кездесуге қатысқан мұғалімдер мен оқушыларды әлеуметтік жоба жұмысының критерийлерін анықтау, жоба жұмысын жасау уақыты, нәтижені бағалау әдістері сияқты сұрақтар қызықтырды.

Кездесу қорытындысы -мұғалімдер мен оқушылар үшін 2018ж . 27 қазанында іскерлік жоба жұмысын әзірлеу бойынша тренинг  өткізу туралы шешім болды.

в.