ул. Мынбаева, дом 102
Алматы, Казахстан.

lyceumturan@rambler.ru
+7 (727) 392-87-50
392-87-51, 392-87-48

ЛИЦЕЙЛІКТЕР КҮНІ

ЛИЦЕЙЛІКТЕР КҮНІ

19 қазанда лицей маңызды Лицейліктер күнін атап өтті. Лицейліктер күні пайда болғаннан ревалюцияға дейін 19 қазанда аталып өтіліп жүргені баршаға аян. Бұл күнге арнап Пушкин арнайы өлеңдер де жазған. Пушкин өмір сүрген уақыттан айырмашылығы бүгінде Лицейліктер күні белгілі бір мәдени бағдарламамен атап өтіледі. «Тұран» лицейі» мектебі 23 жыл ішінде Лицейліктер күнін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Бұл күні таңертеңнен лицейдің үздік оқушылары А.С. Пушкиннің ескерткішіне гүлшоқтарын қойып, ақынның өлеңдерін оқыды. Сабақтан соң салтанатты концерт өтті және лицей есігін биыл аттаған оқушыларды  лицейліктер қатарына қабылдады. Лицейліктер кеңесінің президентін  сайлау және ұлықтау рәсімі осы салтанатты кеште өткізілді. Мектеп болып «Тұран» университетінің жайлы да үлкен залына мерекелі концертке жиналды. «Гүлдене бер, лицей!» атты концерт оқушылардың хорынан басталды. Концертке «Тұран» білім беру корпорациясының  басшылығы  қатысып, лицей директоры  Исламгулова С.К.  құттықтау сөзін жолдады. Драма үйірмесінің жас әртістері «Лицей: өткені, қазіргісі, болашағы» атты  шағын көрініс көрсетті. «Домисолька», «Айналайын», «Голос Турана», «Лицей» үштігі және Ким Анна  өздерінің ғажайып дауыстарымен таңырқатты.  Лицейдің би студиясы (1-4 , 9 сынып оқушылары) «Пижама пати», «Попурри», «Тойнамэ» сияқты бірнеше би композициясын және «Сделано в Туране» флешмобын көрсетіп концертті көңілді көңіл күймен аяқтады.